Астана қ., Абай даңғылы 13, БО «Іскер», 11-ші қабат, тел.: +7(7172) 73-10-39, +7(7172) 73-10-40

AzhgalievҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ''Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы" РММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Қазақстанда мемлекеттік сортсынау желісі 1937 жылдан бастап жұмыс істеуде. Негізгі міндеті – Республикадағы әр түрлі топырақ-климаттық белдеулерде ауылшаруашылық дақылдарын жан-жақты зерттеп,  шаруашылық маңызды белгілері бар сорттарды іріктеу, оларды өндірісте пайдалануға рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылған селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне қосу болып табылады.

Интернет желісінде сайтымыздың құрылу мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың ауылшаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласында қызмет ететіндер үшін біздің ұйымда жасалатын ауылшаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау саласында мемлекеттік қызметтің қол жетімділігін арттыру. Өсімдік шаруашылығында оның өнімділігі мен рентабельділігінің өсуіне ауылшаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын пайдалану маңызды рөл атқарады. Сорт –  ауылшаруашылығы дақылдарының тұрақтылығы, сапасы мен өнімділігінің жоғары болуының ең тиімді факторы.

Біздің сайтта сортсынау қорытындылары бойынша өндірісте пайдалануға рұқсат етілген сорт және будан жайлы ақпарат, олардың сипаттамасы, өнімділігі, сапалық көрсеткіштері, қолдану бағыты және т.б ақпараттар келтірілген. Сонымен қатар тұқым шаруашылығы саласы бойынша құқықты-нормативті актілер, топырақ-климаттық белдеу және мемлекеттік сортсынау учаскелері жайлы қысқаша сипаттама көрсетілген.

Осы веб-ресурсымыздың қызықты және пайдалы болатынына, сонымен қатар ауылшаруашылық тауар өндірушілерге ауылшаруашылығы өндірісінде тиімділік пен қолжетімділікті арттыру мақсатында қолданатын дақыл бойынша сорт таңдауына көмектесетініне сеніміміз мол.

 

Ажгалиев Талғат Булатұлы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ-сінің төрағасы

 

simvoly

akorda ru