Астана қ., Абай даңғылы 13, БО «Іскер», 11-ші қабат, тел.: +7(7172) 73-10-39, +7(7172) 73-10-40

AzhgalievАжгалиев Талғат Булатұлы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ-сінің төрағасы

1969 жылы 10 маусымда Ресей Федерациясы Саратов облысы, Краснокутск ауданы, Комсомольское ауылында дүниеге келген.

1991 жылы Н.И Вавилов атындағы Саратов ауылшаруашылық институтында «Өсімдік қорғау» мамандығын бітірген, агроном.

1886-1991 жж. Саратов қаласындағы Н.И Вавилов атындағы Саратов ауылшаруашылық институтында «Өсімдік қорғау» факультетінің студенті.

1992-2003 жж. Ресей Федерациясы Саратов облысы, Краснокутск ауданы Усатово ауылында тұқым шаруашылық агрономы, Мемлекеттік Унитарлы мекемесінің өндірістік-тәжірибе қожалығы «Усатовское» өндірістік-тәжірибе қожалығы, «Саратов-Сорго» ғылыми-өндірістік одағы.

2004-2007 жж. Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы «Нур-Целина» Агрофирмасында бас агроном.

2007-2008 жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі егіншілік және фитосанитарлы қауіпсіздік Департамент директорының орынбасары.

2008 ж. бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ-сінің төрағасы.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жылдығына орай медальмен, Еңбек даңқының III, II дәрежелі медалімен, Целиннің 60 жылдығына орай медальмен және А.И Бараевтың 100 жылдығына медальмен марапатталған.


KuishenovКүйшенов Мұрат Мұсаұлы - «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ төрағасының орынбасары.

Қызметі: ұйымдастыру жұмыстары, қызметкерлермен жұмыс, әкімшілік-шаруашылық бөлім.


Қожахова Айымгүл Мырзалықызы – Сортсынаудың шаруашылық пайдалылығы бөлімінің жетекшісі.

Жоспарлауды қамтамасыз ету және мамандардың ауыл шаруашылығы дақылдарының мемлекеттік сорт сынау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру. Сортсынаудағы нұсқаулықпен жумыс жасауды іске асырып, нұсқаулықтың орындалуын бақылау. Қабылдауды ұйымдастыру және сортты пайдалануға рұқсат ету бойынша өтінімдерді тіркеу. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбезіне енгізу саласындағы қызметті ұйымдастыру.


BikenovaБикенова Арайлым Кумарқызы – Патентке қабілеттілігін сараптау бөлімінің жетекшісі.

Жоспарлауды қамтамасыз ету және ауылшаруашылық дақылдарының патентке қабілеттілігін сараптау жұмыстарын, патентке қабілеттілігі бойынша қорытындысын беру қызметін ұйымдастырады.


AmanbaevaАманбаева Бигайни Таменқызы - «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» ММ-нің бас бухгалтері.
Қалыптастыру және бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру, Заңға сай бухгалтерлік есеп жөнінде есеп саясатын, бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін және бухгалтерлік, салықтық, статистикалық және есептік басқаруды қалыптастырады.


AzhgalievТенизбаева Жанар Абдрахманқызы – Кадрлар және құқықпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі.

Мемлекеттік комиссияға жұмыскерлер кадры және қажет мамандықты қызметкерлермен жабдықтау, келісім-шарт жобаларын іске асыру, келісім-шарттардың заңға сай келуін қадағалау, келісім-шарттардағы келіспеушіліктерді шешу, ұжымдық келісім-шарттарды дайындау және оларды бекіту, Мемлекеттік комиссиядағы социалдық-еңбектік қарым-қатынастарды реттеу, талаптық жұмыстарды іске асыру, шарттағы келіспеушіліктерді сот алдында реттеуге шаралар қабылдау.

 

 

simvoly

akorda ru