Астана қ., Абай даңғылы 13, БО «Іскер», 11-ші қабат, тел.: +7(7172) 73-10-39, +7(7172) 73-10-40

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» РММ-сі келесідей қызметтерді атқарады:

  • Селекциялық жетістіктердің шаруашылық пайдалылығына мемлекеттік сорт сынау жүргізеді;
  • Селекциялық жетістіктердің ерекшелігін, біртектілігін және тұрақтылығын сынау және оларға сараптама жүргізеді;
  • Пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне жаңа селекциялық жетістіктерді енгізу үшін ақпаратты анализдеу және сынау қорытындыларының деректерін жалпылау;
  • Өсімдік шаруашылығында өнеркәсіптік өнімдермен айналысатын аграрлы сектордағы мамандар, сонымен қатар ғылыми жұмыскерлер мен оқу орнында оқитындарға селекциялық жетістіктерді пайдалануға ұсыну өтінімдері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік сортсынаудың басқа құжаттарымен және материалдарымен ақпараттандыру мақсатында «Ресми бюллетень» баспасын шығарады;
  • Облыстық және аудандық инспекцияларда, мемлекеттік сорт сынау станциясы және мемлекеттік сорт сынау учаскілерінде мемлекеттік сорт сынау нұсқаулығын сақтау, егіншілікте белдеулік жүйелерді қолдануға, тәжірибелік-өндірістік және ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметіне бақылауды іске асыру;
  • Мемлекеттік сынау немесе мәлімдеушінің деректері бойынша, өсімдіктердің патенттілігі мен шаруашық маңызы бағаланатын өсімдіктердің туыс және түрлері бойынша уәкілетті органға ұсыныс енгізіледі;
  • Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылған селекциялық жетістіктердің тізбесін жүргізеді;
  • Сортты сынаудан алып тастау немесе шаруашылық-бағалы белгілерінің жиынтығы бойынша сортты пайдалануға рұқсат ету жөнінде уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;
  • Республикалық және облыстық зертханаларда сыналатын сорттардың өнім сапасын бағалауды қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылған селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне енгізілген сорт және гибридтерге авторлық куәлік пен оригинатор мекемесіне куәлік беріледі;
  • Сорттың сипаттамасы мен оған патент беру қорытындысын құрастырады, сорттың патентке қабілеттігі бойынша қорытынды жасайды (өсімдік шаруашылығында селекциялық жетістіктерге патент беру туралы);
  • Мемлекеттік сынаудағы селекциялық жетістіктерге нұсқаулықты жасауға қатысады;
  • Республикалық комиссия отырысында сорт сынау сұрақтары мен ауылшаруашылық дақылдарын сынау қорытындысы бойынша өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылған селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне қосымшалар енгізуді ұйымдастырады;
  • Бидайдың ең құнды және бағалы сорттары, сапасы жағынан астық дақылдарының бағалы сорттары, жарма және бұршақ дақылдары, сыра қайнатуға арпа сорттары, күнбағыстың жоғары майлы сорттары және рапс пен қышаның төмен глюкозинолатты сорттардың тізбесін уәкілетті органға дайындап, бекітуге енгізеді;
  • Ақпараттық банкке сорттың құжатын тіркеуді іске асырады;
  • Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылған селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне енген түпнұсқалы және тұқымдардың элиталық сорттарына грунттық бағалау жасауды іске асырады;
  • Белгілі бір түр, сорт, сорт тазалығына сай келу-келмеуіне қарай және грунттық бағалаудың қорытындылары бойынша жазбаша түрде қорытынды беріледі;
  • Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылған селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне енген ауыл шаруашылық дақылдарының элиталы тұқымдарына және бірінші репродукциялы сорттарына зертханалық сорттық сынау жүргізіледі;

 

         

 

 

simvoly

akorda ru